Обратная связь
×

Обратная связь

Мен алғаш қатысқан сот

    29 августа 2012 в 12:03
  • 7
  • 602
  • 2
  • 7
  • 602
  • 2

Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Аминов істеріне байланысты сот отырысына қатысу мақсатымен Әсет (@Ashina), Бағлан (@Aidashov) және Александра (@AfanasyevaAlex) төртеуміз 15 тамыз күні Ақтау қаласына барғанбыз. Сот келесі күні басталатын болғандықтан Әсет екеуміз бір-екі сағат қаланы аралап келуге бел будық, назарларыңызға түнгі Ақтаудың бірнеше суреті:

Мен алғаш қатысқан сот

Келесі күні сотқа қарай бет алдық. Шынымды айтсам, бұрын сот дегенді кинодан басқа еш жерде көрмеген едім, бір жағынан қызық болса, екінші жағынан бір қорқыныш болды, себебі сотта болып жатқанның бәрін туиттер арқылы хабарлап үлгеру оңай емес.

Сот залына кіргеннен кейін Бағлан камераны алып барлығын суретке түсіре бастады. Сотта төрағалық етуші Б.К.Мырзабеков қорғаушылардың өтініші бойынша БАҚ мүшелеріне алғашқы 10 минут түсірілімге рұқсат берді. Ұялы телефонды пайдалануға мүлдем тыйым салынғандықтан, сот жасауылдарына көрсетпей ұстауға тура келді (Мектеп және институт кездеріндегі шпаргалканы тығып ұстай білетінімнің пайдасы тиді).

Сотқа қатысушыларды атап өтейін:

  1. Жоғарыда аталып өткен сотқа төрағалық етуші Б.К.Мырзабеков;
  2. Хатшылары Пердебек Л., Бозбанова С., Аманқұлова З.;
  3. Мемлекеттік айыптаушылар: Жанаев А., Муканов Г., Турмагамбетов Е;
  4. Қорғаушылар Плугов А., Сарсенбина В., Батиева А., Досболов А., Айгербаева К.

Мен алғаш қатысқан сот

Мен алғаш қатысқан сот

Мен алғаш қатысқан сот

Сот залында отырғандардың ішінде Болат Абилов пен Евгений Жовтис болды. Қорғаушыларға жақын жерде Сотталушы Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова отырды.

Бірінші күні сот отырысына шамамен 100 адам қатысты. Түске дейін қорғаушылар сот төрағасын ауыстыруды талап етті. Түскі ас кезіне шейін талқылану нәтижесінде сотты ауыстыруға негіз жоқ деп шешілді. Түстен кейін отырыс жалғастырылды, көп уақыт сотталушылардың айыптауларының оқылуымен өтті, қылмыстық іс 1354 беттен немесе 7 томнан тұрады. Айыптаулар оқылып біткеннен кейін сот төрағасы таңертеңгі сағат 10-ға дейін үзіліс жариялады.
Екінші күні адамдар едәуір аз келді. Қорғаушы Бәтиева болған жоқ. Екінші күнгі отырыс айыптау жағының алғашқы куәгері Киікбай Ешманов сұрақтарға жауап беруінен басталды, экранда алаңға шақыратын үндеулердің суреттері көрсетіліп жатты. Ал келесі куәгер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов жалғастырды, ол еңбекақы төлем стандарттарын түсіндірді. Түстен кейін сот залына тергеудегі Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Амангелді Айтқұлов куәгер ретінде кіргізілді. Айтқұлов өз сөзін кеш бата аяқтады, бірақ Судья Мырзабеков сұрақтар куәгерге сұрақтар қоюды бүгін аяқтаған жөн деп шешті, себебі, тергеудегі адамды қайта-қайта әкелген қиын болғандықтан. Сонымен сот отырысының екінші күні аяқталып, жалғасы 20 тамыз сағат 9-ға қойылды.

Сонымен біздің қатысатын уақытымыз аяқталып, таңертең Алматыға кетуге дайындалдық.

 

Теги: общество , Владимир Козлов , Ажанат Аминов , Серк Сапарали , Сот , Атау , Жаазен

Читайте также

2 комментария

4229 Akmoldayev
29 августа 2012, 12:03