Обратная связь
×

Обратная связь

ШҚО-да дзюдодан республикалық турнир өтті

    17 апреля 2018 в 14:18
  • 0
  • 6
  • 0
  • 0
  • 6
  • 0

Семейде дзюдодан 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасында спорт ардагерін еске алуға арналған республикалық турнир өтті.

Бұл жарысқа семейлік қатысушылардан бөлек, Астана, Алматы, Павлодар, Көкшетау, Қызылорда, Степногорск қалаларынан және Ресейдің Рубцовск, Новосибирск қалаларынан келген 240 спортшы өз мүмкіндіктерін байқады.

– Сайыста жүлделі орын иеленген қатысушылар спорт шеберлігінен үміткер нормативін орындайды, – деді жасөспірімдер арасындағы облыстың аға жаттықтырушысы Аман Шәріпов.

Аталмыш турнир облыстағы спорт ардагерлерін еске алу турниры 2011 жылдан бері осымен жетінші мәрте өтті. Мұнда әр жылы 16 мен 17 жас аралығындағы спортшылар бақ сынайды. Тұғыр сатысына жайғасқан дзюдошылар тек спорт шеберлігінен үміткер нормативін орындап қана қоймай, ары қарай да халықаралық жарыстарда өнер көрсетпек.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Теги: спорт

0 комментариев