Обратная связь
×

Обратная связь

ШҚО-да волейболдан облыстық турнир аяқталды

    13 ноября 2017 в 16:35
  • 0
  • 6
  • 0
  • 0
  • 6
  • 0

Ұлан ауданында 2002-2003, 2004-2005 ж.т. қыздар арасында спорт ардагері Азамат Жакуповты еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир өз мәресіне жетті.

ШҚО-да волейболдан облыстық турнир аяқталды

Дәстүрлі жарыс биыл төртінші мәрте өткізілді. Сайысқа 10 командадан барлығы 130 спортшы қатысты. 2002-2003 ж.т. қыздар арасында «Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облысының мектеп-интернаты» турнир жеңімпазы атанды, 2 орынға – Абай ауданының волейболшылары ие болса, Жарма ауданының волейболшылары жүлделі 3 орын иеленді. 2004-2005 ж.т. қыздар арасында да тұғырдың биігіне – «Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облысының мектеп-интернаты» көтерілді, 2 орынға – Абай ауданының құрамасы табан тіресе, Ұлан ауданының волейбол ұжымы тұғырдың 3-ші сатысына көтерілді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мараппаттау қағаздары, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, волейбол турнирінің өтуіне демеушілік танытқан – Азамат Жакуповтың достары және жерлестері болып табылады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Теги: спорт

0 комментариев