Обратная связь
×

Обратная связь

ШҚО таэквондошылары Алматы қаласында жүлдегер атанды

    12 января 2018 в 23:05
  • 0
  • 7
  • 0
  • 0
  • 7
  • 0

Алматы қаласында ITF таэквондодан ҚР чемпионаты және ITF таэквондо Федерациясының құрметті президенті Нам Ю. М. Кубогі өтті. Аталмыш жарыста шығысқазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.

ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Атап айтсақ, Малика Әшірова (70 кг) – жарыс жеңімпазы атанды, Болат Томирис те (55 кг) – тұғырдың биігіне жайғасты (1-ші дан бағдарламасында – 2-ші орын), ал, Жансұлу Стаханова (52 кг) – жүлделі 3-ші орынға табан тіреді (1-ші дан бағдарламасында – 1-ші орын иеленді). Дастан Алчимбаев (64 кг) пен Арман Айгелдин (71 кг) – 2-ші орын иеленді (командалық спарингте – 1-ші орын алды). Сондай-ақ, Алмас Мәдениетов (50 кг), Мөлдір Еңбекшілова (58 кг), Темірлан Серікқанов (64 кг), Әлишер Қалимолдаев (65 кг) пен Рүстем Омаров (+75 кг) – өз салмақ дәрежелерінде үздік үштікті қорытындылады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Теги: спорт

Читайте также

0 комментариев