Обратная связь
×

Обратная связь

«Сәтті қадам» жобасы шеңберінде жас мамандар тәжірибе жинақтауда

    09 октября 2014 в 13:07
  • 15,1
  • 102
  • 0
  • 15,1
  • 102
  • 0

Қазіргі таңда Ақмола облысының түрлі ұйымдары мен кәсіпорындарында «Сәтті қадам» жобасының қатысушылары үш айлық тағылымдамадан өтуде.

Біз ағымдағы жылдың жоғары оқу орындарының түлектері Диас Доголаков пен Дәмелі Жанаеваның тағылымдамадан өтетін орны - «Тыныс» АҚ-да болып қайттық.

22 жасар Диас Доголаков Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «машина жасау инженері» мамандығы бойынша бітірді:

- Жұмысқа орналасуға мүмкіндік болмағанымен, жастар үшін «Сәтті қадам» жобасы туралы естіп қалдым. Сұхбаттасу кезеңін өткеннен соң, мені зауытқа тәжірибе жинақтау үшін жіберіп, осында механика құрастыру цехының инженер-технологында сынақтан өтудемін. Кәсіпорынның сапа саясатына сәйкес біз зауыт шығаратын өнімнің қорытынды нәтижесі үшін жауаптымыз. Жұмысым өте ұнайды, өте қызықты, жастардың өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін партиялық жобаға алғысым зор. Болашақта осы лауазымда бекітіп алғаныма үміттенемін, - дейді жобаның қатысушысы Д. Доголаков.

Жуырда «Тыныс» зауыты 55 жылдығын атап өтті, жыл сайын кәсіпорын дамып, қуаттылығын жетілдіруде. Диастың баулушысы, №2 цехының инженер-технологы Саян Боташев - құрастыру цехы зауыттың негізгі бөлімдерінің бірі болғанына, сонымен қатар цехтың нәтижесі сенімділігі мен сапасы халықаралық стандартқа сай бұйымдар шығару екендігіне тоқталды.

Жобаның тағы бір қатысушысы Дәмелі Жанаева металлографиялық зертханасының инженер-лаборантында сынақтан өтуде. Жас қыз осы жылы Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша бітірді.

- Қазір біз металлографиялық сараптама жүргізіп, жарылғыш машинада шойын, болат, алюминий, серіппелер сияқты түрлі металлдар нұсқаларын сынаймыз. Жұмыс жеңіл емес, бірақ өткен ай ішінде мен көп нәрсеге үйрендім, - деп бөлісті Дәмелі Жанаева.

Еске салатын болсақ, «Жас Отан» ЖҚ жастар өз мансаптарын Қазақстанның алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында бастауға мүмкіндік ашатын «Сәтті қадам» жобасын өткен жылы жариялады. Үш ай ішінде өз қабілеттіліктерін көрсете алған машықтанушылар, жұмысқа қабылдаулары мүмкін.

Жоба шеңберінде «Жас Отан» ЖҚ аймақтағы 10-ға жуық жетекші компаниялары мен мемлекеттік мекемелермен меморандумдарға қол қойылды.

- «Сәтті қадам» жобасына сәйкес тағылымдамаға жолданатын үміткерлер үшін қойылатын ең басты талап – жоғары білім мен жас шектелімі. Біз жастарды жұмысқа орналастырмаймыз, қатысушылар өз ынталарын, өздерін көрсетулері керек, - дейді «Жас Отан» ЖҚ АОФ ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Абай Жамалиев.

Ағымдағы жылда облыс бойынша жобаға қатысамын деушілерден 89 өтінім түсті, олардың ішінде сұхбаттасуға 42 түйіндемеге жол берілді. Тәуелсіз комиссия мүшелерімен өткізілген сұхбаттасу кезеңінің қорытындылары бойынша тағылымдамаға 17 үміткер жіберіліп, қазірде #040404;" xml:lang="kz">7 жас маман аймақтағы түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарда тәжірибелерін жинақтауда.

Теги: общество , стажировка , сәтті қадам , келешек , 040404

0 комментариев