Обратная связь
×

Обратная связь

Өскеменде көркем гимнастикадан облыс чемпионаты өтеді

    15 января 2020 в 16:29
  • 0
  • 6
  • 0
  • 0
  • 6
  • 0

18-19 қаңтар күндері Өскемен қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жастар арасында көркем гимнастикадан Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтеді.

Аталмыш чемпионатта 50-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Айта кетсек, сайыс жастар арасында, оның ішінде спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне үміткерлер арасында өтпек. Жеңімпаздар 27 қаңтарда Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасының Чемпионатында аймақ намысын қорғайды.

Чемпионаттың ашылу салтанаты 17 қаңтар күні 14:15-те облыстық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өтеді.

Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Теги: спорт

0 комментариев