Обратная связь
×

Обратная связь

Работы конкурсантов. Талпақова Айгүл Тілеубайқызы

    20 июня 2012 в 18:44
  • 0
  • 425
  • 0
  • 0
  • 425
  • 0

Мемлекеттік тілді қызмет көрсету саласына енгізуге қоғам болып ат салысуымыз қажет. Мемлекеттік тілде сөйлейтіндердің санын арттыру үшін не істеу қажет? Меніңше, ең алдымен талап қажет. Мен талай жылғы тәжірибе барысында адамдардың тілге деген ынтасының, қызығушылығының қандай деңгейде екенін шамаладым. Көпшілігі бар жауапкершілікті үкіметке артып қойып отырады. Ия, заң қажеттігі, мемлекет тарапынан қолдау керектігі түсінікті. Алайда, меніңше, ең алдымен Қазақстан Республикасының әрбір азаматы көшеде, дүкенде, көлікте, шаштаразда, мейрамханада, тағы да басқа қоғамдық орындарда, отбасында қазақша сөйлеуге тырысуы қажет. Қазақша сұрап, қазақша жауап беруін талап етуі керек. Қазіргі күні осы қызмет көрсету саласында қазақ тілінің кенже қалып отырғандығын байқаймыз. Осыған қол жеткізу үшін үлкен ақпараттық акция жүргізуге болады. БАҚ арқылы мектептерде, ЖОО орындарында, жалпы жастар арасында насихат кампаниясын ұйымдастырып, адамдар санасына сіңдіре керек деп ойлаймын.
Екінші ұсынысым:
Қазақша терминдерді және тіл оқыту орталықтарының жұмысын біріздендіру
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қазақ тілінің терминологиясы жаңа сөздермен толықты. Бұл орайда әркім «өзімбілемге» салынып, бет-бетінше аударып кетті, нәтижесінде бірізділік болмай, бір саланың мамандары бір-бірінің аудармасын түсінуден қалды. Үкімет тарапынан қыруар қаражат бөлініп басылып шыққан сөздіктердің өзінде басқалар тұрмақ, қазақтардың өзі түсінбейтін терминдер кіріп жатты. «Балкон-Қылтима», «Фонтан-Шаптырма» деген аудармалар соның дәлелі. Бұл да қазақстандықтардың мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасына айтарлықтай кері әсер етеді. Тілді жаңа біліп келе жатқан адамның басын бір сөзді мың құбылта аударып, қатырып қойдық. Осыдан келіп кейбіреулер қазақ тілі техника тілі бола алмайды деген жаңсақ пікірлер айтып жатты. Мұның алдын алу үшін терминдерді біріздендіріп, сала-салаға арналған сөздіктерді көптеп шығару қажет. Бұл орайда әр екі жылда салалық терминдерді толықтырып, мемлекет деңгейінде бекітіп отыратын Түркияның тәжірибесіне сүйенуге болады. Сонымен қатар Қазақстанның тіл үйрету орталықтарының арасында да байланыс жоқ. Бір орталықта алғашқы деңгей бойынша білім алған оқушы келесі орталықта сол білімін әрі қарай жалғастыра алмай қайтадан алғашқы деңгейден бастауына тура келеді. Өйткені орталықтар бір-бірінің сертификаттарын мойындамайды. Осыдан келіп оқушының тілге деген ынтасы жоғалып кетеді. Сондықтан тілді оқыту процесінде TOEFL, IELTS, DAAD сияқты әлемдегі озық бағдарламаларға сүйеніп, біріздендіру мен оқушының алған білімін бірыңғай бағалау жүйесін қолдануға болады. Мәселен, Алматыда алған сертификат Қазақстанның кез келген қаласында мойындалып, оқушы мемлекеттік тілді үйренудің келесі деңгейіне өте алатындай болуы керек. Осылайша, біз мемлекеттік тілді меңгергендер санын арттыра аламыз деп ойлаймын.
Сөз соңында, Мемлекетті тілді білу – бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Халел Досмұхамбет ағамыз айтпақшы, «Ана тілін біле тұра басқа тілде сөйлесең, бұл — сүйініш, ана тілін белмей, басқа тілде сөйлесең, бұл — күйініш» деген тамаша сөздерін үнемі жадымызда ұстап, ана тіліміз алдындағы жауапкершілікті үнемі есте сақтауымыз керек деп санаймын.
Назарларыңызға рахмет!

 

Теги: вне потока , культура , общество

0 комментариев