Обратная связь
×

Обратная связь

Пошта мен әлеуметтік желілермен түстен кейін ғана жұмыс істеңіз

    2013 ж. 11 желтоқсанда сағат 16:04-да
  • 0
  • 541
  • 0
  • 0
  • 541
  • 0

Бұл қалай жұмыс істейді

Қалыптасқан стереотип бойынша, жұмыс күні бір шыныаяқ кофе мен электрондық поштаны тексеруден — нақтырақ айтсақ, қаптаған хаттармен айқасудан басталады. Бұл істі тәртіпке келтіріп, дау-шарларға уақытылы назар аударуға жағдай жасайды деп есептеледі.

Алайда, көп адамдар үшін таңертеңі уақыт жұмыс істеу үшігн ең өнімді кез, ал олар оны өздерінің ең бмаңызды істері мен ірі жобаларды ісуке асыруға емес, керісінше ұсақ-түйекке (және көбінесе асығыс емес) жұмсайды. Келген хатқа жауап беру өте жағымды процесс – бұл бір істің біткендігін білдіреді әрі нәтижесі де көз алдыңда, ал ірі жобаның нәтижесі көзге бірден түспейтіндіктен, онымен айналысуға өзіңді өзің күштеуің керек.

Пошта мен әлеуметтік желілермен түстен кейін ғана жұмыс істеңіз

 

«Ұлы роман, фантастикалық дизайн-жоба, инновациялық бағдарламалық қамтамасыз ету, табысты стартап — осы жетістіктердің бәрі уақытты, ойлануды, шеберлік пен табандықыты талап етеді. Сондықтан да, оларға жұмсалатын күш-қуат Х клиенттен немесе У қызхметкерден келген хатқа жауап беруге қарағанда асығыс емес сияқты көрінеді.

Ешкім де басқаларды күткізіп қойғысы келмейді. Таңертең, қаптаған көп хабарламаларды, қоңыраулар мен өткен лездемеде айтылған істер жөніндегі шұғыл істерді бітіріп тастап барып, жұмысқа бір-ақ кіріскің келед. <...> Ал, шын мәнінде мұндай жұмыс көп адамдардың көңілін қалдырады екен.

Өз айналаңдағы әлемнен тым құрмаса бір сағатқа болса да толығымен қол үзу үшін үлкен ерік күші керек. Бұл өте ыңғайсыз, әрі басқаларды ренжітуі де мүмкін — бірақ өз арманыңызды іске асыру «Кіру» папкасын босату үшін бірнеше адамды ренжітуден гөрі анағұрлым маңызды екенін ұмытпаңыз. Олай етпесеңіз сіз қиялдағы кәсәпқойлық жолында өз әлеуетіңізді құрбандыққа шаласыз».

Тегтер: вне потока

0 пікір