Обратная связь
×

Обратная связь

ШҚО спортшылары Азия чемпионатында жүлдегер атанды

    2018 ж. 17 маусымда сағат 13:49-да
  • 0
  • 30
  • 0
  • 0
  • 30
  • 0

Кеше Астана қаласында киокушинкай-кан каратэден Ашық Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінің қорытындысы белгілі болды. Мұнда шығысқазақстандық спортшылар да үздік нәтиже көрсетуде.

Атап айтсақ, ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жатқан каратэшілеріміз екі алтын және екі қола медаль еншіледі. Оның ішінде Индира Чентаева 12-13 жас ерекшелігінде 40 келіге дейінгі салмақта қола жүлде иеленсе, Жанель Едлипова осы жас ерекшелігінде, 45 келіге дейінгі салмақта алтын медаль олжалады. Қос бұрымдымыз кумите тәртібінде бақ сынаған еді. ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ тәрбеленушісі Диас Костубаев 14-15 жас ерекшелігінде құрлықтық жарыста өзін теңдессіз екендігін дәлелдеп, тұғырдың ең биігінен орын алды. Оның ізін ала Аида Дюсембаева әйелдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдесіне иелік етті. Сондай-ақ бүгін шығысқазақстандық тағы спортшы Борис Аксёнов 85 келіге дейінгі салмақта өз мүмкіндігін байқамақ.

– Шәкірттеріміз тыңғылықты дайындықпен келді бұл жарысқа. Мұның алдында Өскемен және Астана қалаларында екі кезеңнен тұрған оқу-жаттығу жиындарында болдық. Жақсы нәтиже көрсетуімізге осындай сапалы жаттығулар ықпал етті, – деді киокушинкай-кан каратэден Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Руслан Алшимбаев.

Айта кету керек, Елорда төрінде өтіп жатқан додаға Азияның 12 елінен 250-ге жуық спортшы келіп қатысуда. Мұнда жүлделі орындар барлығы 37 салмақ дәрежесінде сарапқа салынуда.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Тегтер: спорт

0 пікір