Обратная связь
×

Обратная связь

ЕАЭО мен Қазақстанға қойылған санкциялардың ықпалы

    18 сентября 2014 в 15:57
  • 2,9
  • 103
  • 2
  • 2,9
  • 103
  • 2

Ең біріншіден, ЕАЭО-қа қойылған санкцияларға тоқтамастан бұрын, оның жалпы бағыты мен мемлекетімізге әкелетін пайдасына тоқталайық.

ЕАЭО мен  Қазақстанға қойылған санкциялардың ықпалы

Осы орайда Егемен Қазақстанда жарияланған Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті экономика факультетінің деканы, профессор Бауыржан Жүнісовтың мақаласына тоқталсақ:

- ЕАЭО-ның Қазақстан кәсіп­керлері үшін елеулі артық­шы­лық­тары мен мүмкіндіктері бар. Оған тауарлар мен қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің үш ел арасындағы еркін қозғалысы, бірыңғай мемлекеттік сатып алу жүйесіне кәсіпкерлер үшін қолжетімділік, бәсекелестіктің тең шарты, біртұтас нарықты құру есебінен инвестициялық шығындардың азаюы, интеллектуалды меншік құқын қорғау, ЕАЭО ішінде кедендік баж салығының болмауы, техникалық реттеудің жалпы жүйесі, темір­жол жүк тасымалының бір­ың­ғайландырылған тарифі жатады. Мысалы, бірыңғай сатып алуларға үш елдің кәсіпкер бизнесмендері қол жеткізе отырып, бәсекелестік пен қызмет сапасын арттырады. Сондай-ақ, Ресейдің көлік инфрақұрылымына енудің оңтайлы шарттар есебінен қазақстандық экспорттаушылар көлік шығындарын қысқартып, сәйкесінше үшінші елдер на­рық­тарында өз тауарының бәсекелестігін күшейтеді. Айта­лық, Еуропаға газды экспорттау арқылы қосымша табыс алу мүмкіндігі бар. Мәселен, қазақстандық газдың экспорттық бағасы мың текше метр үшін 223,8 АҚШ долларын құрайды, ал ол Еуропада 470 доллар болады. Осылайша, көлік инфра­құрылымына жеңілдікпен енген жағдайда түсер пайда шамамен мың текше метр үшін 145,2 АҚШ долларын құрайтын болады.

ЕАЭО мен  Қазақстанға қойылған санкциялардың ықпалы

Әрине, бұл одақ Әлем таразысында елеусіз қалмас. Қазіргі кезде, Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың Ресей Федерациясына қойған санкциялардың нәтижесі неге әкелер деген сауал әрбір отандасымыздың ойында жүр. Мысалыға алатын болсақ, Ресей Федерациясының президенті В.Путин шет елдерден келетін құны 9-15 миллиард долларды құрайтын біржылдық азық-түлік қорын шекарадан кіргізуге тиым салды. Бұл дегеніміз, тауарларын экспортқа шығаратын шет мемлекеттердің бюджетіне, жылдағыдай ақша түспей, көптеген кәсіпкерлер осының арқасында үлкен шығынға батуда. Бірақ бұл шешімнің нәтижесі, Ресей мен Қазақстанның тұрғындарына да өз кесірін тигізуде. Себебі, азық-түлік қорының жетіспеуінен, оның сұранысы өсіп бағасы да аспанға шарықтап барады. Ал Қазақстандық дүкендердегі азық—түліктің 90 %-ы Ресейден тасымалданады. Көптеген мемлекеттік тұлғалардың оптимистік болжауларына қарамастан, күннен-күнге азық-түлік пен жанармайдың бағасы өсіп, карапайым халықтың күн-көрісі қиындап барады.

ЕАЭО мен  Қазақстанға қойылған санкциялардың ықпалыДегенімен, біз шикізат өндірісінен алшақтап индустриалды нарыққа көшуімізге де уақыт жетті. 20 жылдан астам? Осы сұрақ әрдайым көтеріліп, міне, дамудың жаңа сатысына да келіп жекттік. Бір өкініштісі, бұл одақ еліміздің алдында үлкен сұранысы бар нарыққа жол ашса да, мемлекетіміздегі индустриялды даму әлі ондай деңгейге жеткен жоқ. Азық-түлікті экспортқа шығармастан бұрын, өз нарығымыздың сұранысын қамтамасыз ету қажет. Ал қазіргі жағдайда, оған әлі бірталай жылдар қажет секілді.

Бұл одақтың дұрыс-бұрыстығы бір уақыттың таразысында, ал қазір, өмір сүрудің жаңа шарттарымен танысып, оған үйренуден басқа амал жоқ.


Теги: #ЕАЭС

Читайте также

2 комментария

481 turgunmedet
18 сентября 2014, 15:57