Обратная связь
×

Обратная связь

Семейде Наурыз аруы байқауы өтті

  • 1,5
  • 143
  • 1

Семейде М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде «Наурыз аруы — 2014» байқауы болып өтті, деп хабарлайды BNews.kz

«Байқауға қатысқан бойжеткендер сайыстың 8 түрінен сынға түсті. Оларды Семей қалалық мәслихатының депутаты Е. Сұлтанов, ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары А. Садырбаев, «Қазақстан — Семей» телеарнасының бас редакторы С. Нүсіпбаева, «Ертіс өңірі» газетінің бас редакторы К. Райыс және облыстық «Дариға-ай» жастар театрының әртісі Е. Әбдірахманұлы бағалап, қазылық етті»,-қалалық ішкі саясат бөлімі.

Әр кезеңде қыздардың инабаттылығы, парасаттылығы, өнерлілігі, шеберлігі және сымбаттылығы бағаланды.

Қыздар сынының қорытындысы бойынша колледждің шет тілі бөлімінде оқитын Фариза Малғажова бас жүлдеге ие болып, қалалық арулар байқауына жолдама алды.

Сыннан сүрінбей өткен Фариза алғаш таныстыруында АҚШ-тан келген ұстаздарымен бірге үш тілде еркін сөйлеп, көрерменді таң қалдырса, кейінгі сайыстардан да дәл осындай жетістіктерге жетіп отырды.


Теги: вне потока

1 комментарий